HTML-дің 1997 жылдан 2004 жыл аралығындағы хронологиясы

admin 2018-05-21 Қысқаша

1997 жылдың желтоқсан айында World Wide Web Consortium (W3C) HTML 4.0 жариялады. Сөйтті де, жедел түрде HTML-дің жұмыс тобын жапты....

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

 

HTML-дің 1997 жылдан 2004 жыл аралығындағы хронологиясы

1997 жылдың желтоқсан айында World Wide Web Consortium (W3C) HTML 4.0 жариялады. Сөйтті де, жедел түрде HTML-дің жұмыс тобын жапты. Екі айға жетпей W3C-тің жеке жұмыс тобы XML 1.0 жариялады. Содан үш айдан кейін W3C-ты басқаратын адамдар «HTML келешегін қалыптастыру» деген семинар өткізеді. Сол семинарда «W3C – HTML-ден бас тартты ма?» деген сұраққа жауап іздеді. Олардың жауабы былай болды: 
Талқылаудың нәтижесінде HTML 4.0 кеңейту қатты қиындайды. Бұдан 4.0 XML-қосымшаларға дейін өзгерткендей боламыз. Ұсынылған жол шектеулерден арылтады. Сонда XML-тегтерді теруге сүйенген HTML-дың келесі буынынан жаңа өмір бастайды.    
W3C HTML жұмыс тобын осы «XML-тегтерді теру» үшін қайта шығарды. Олардың 1998 жылдың желтоқсанындағы алғашқы қадамы HTML-ді XML-ге ешбір элемент пен атрибуттарды қолданбастан өзгертетін уақытша спецификация жобасы болды. Бұл спецификация кейіннен «XHTML 1.0» деп танылды. Ол XHTML - application/xhtml+xml құжаттарына арналған жаңа MIME-типтен бұрын шықты. Алайда дайын тұрған HTML4 парақшаларының ауысуын жеңілдету үшін С қосымшасын қосты. Ол «XHTML-құжаттары қолданыстағы HTML агенттерінде көріну үшін авторларға арналған жобалау бойынша кеңестердің басын қосады». С қосымшасы «XHTML» парақшаларының авторларына оларды MIME-тип text/html арқылы беретінін айтады.       
Келесі мақсат веб-пішін еді. 1999 жылдың тамызында HTML-дің сол жұмыс тобы алғашқы XHTML Extended Forms жобасын жариялайды. Ол бірінші абзацтан күтуді орнатты: 
Толық тексерістен кейін, HTML-дің жұмыс тобы былай деп шешті, келесі буын пішіндерінің мақсаты HTML ертеректегі нұсқаларына арналған  браузерлермен сәйкестікті сақтамайды. Біздің мақсатымыз жаңа пішінді модельдердің (XHTML Extended Forms) нақты талаптар негізіндегі тазалығын қамтамасыз ету. Бұл талаптар осы құжатта сипатталған. Олар кең спектрлі пішіндердің қосымшаларымен жасалған тәжірибеге негізделген. 
Бірнеше айдан кейін «XHTML Extended Forms» атауын «XForms» ауыстырып, өзінің жекеменшік жұмыс тобына көшті. Бұл жұмыс тобы HTML-дің жұмыс тобымен параллельді түрде жұмыс атқарды. Соның арқасында 2003 жылдың қазан айында XForms 1.0 алғашқы редакциясын жариялады. 
XML-ге толық өткен соң HTML жұмыс тобы «келесі буынды HTML» жасауды мақсат етті. 2001 жылдың мамырында XHTML 1.1 алғашқы редакциясын жариялады. Онда XHTML 1.0 жоғарғы жағына бірнеше көзге көрінбес ерекшелік қосылған. Бірақ «С қосымшасы» бар ұяшық жойылған. 1.1 нұсқасынан бастап барлық XHTML-құжаттар MIME-типті application/xhtml+xml берілуі керек. 
Естен Ербол
 
Жарнама орны

Esten Tech HTML-дің 1997 жылдан 2004 жыл аралығындағы хронологиясы

Барлық құқықтар қорғалған

HTML5 Үздіксіз сызық
XHTML туралы білгеніңіздің бәрі дұрыс емес

Ұқсас тақырыптар