HTML5 Үздіксіз сызық

admin 2018-05-21 Қысқаша

* HTTP бәз-баяғыша істеп тұр. HTTP 0.9-дан 1.0 дейін сәтті түрде дамыды, кейін 1.1. айналды. Әлі де дамып жатыр....

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

Үздіксіз сызық

Мынаны ескеру керек:

* HTTP бәз-баяғыша істеп тұр. HTTP 0.9-дан 1.0 дейін сәтті түрде дамыды, кейін 1.1. айналды. Әлі де дамып жатыр. 

* HTML бәз-баяғыша істеп тұр. Бұл ақпараттардың ең оңай форматы — ол тіпті бір жолдық суреттерді де ашады. Ол 2.0, 3.2, 4.0. дейін сәтті түрде жетілдірілді.  Эволюциялық ағаштың «жансыз бұтақтары» көп. Стандартты түрде ойлайтын адамдардың өздерін өздері басып озған жерлері (авторлар мен орындаушыларды басып озды) көп. Ал 1990 жылы жасалған веб-парақшалар заманауи браузердерде әлі де ашылады. Дәл қазір өзімнің су жаңа телефонымдағы Андроидтың браузеріне бірін жүктеп алдым. Маған тіпті «ескі формат импортталғанша күте тұрыңыз» демеді де.

*HTML браузер жасағыштардың, авторлардың, стандарттарды жаттаушылардың, бұрыштық жақша туралы білетін адамдардың бәріне  ортақ әңгімесі. HTML-дің ең үздік нұсқалары әлемді қуып жеткісі, әрі артынан өкшелеп дұрыс бағытта қуған «ретро-спекалар» болды. HTML «таза» болуы керек деген кез келген адам (шамасы, браузер жасаушылар мен авторларды мойындамастан) тек теріс ақпарат таратқаны. HTML ешқашан таза болған емес. Оны тазалаудың барлық мүмкіндігі айрықша сәтсіз болды. Мұның бәрі тек оны алмастырумен ғана салыстыруға келеді. 

* 1993 жылы шыққан браузерлердің бірде бірі қазір ел танитын деңгейде емес. Netscape Navigator 1998 жылдан қараусыз қалды. Оны Mozilla Suite жасау үшін бастан-аяқ қайта жазып шықты. Одан кейін Firefox бөлініп шықты. Internet Explorer «неден бастасам екен» деп «Microsoft Plus! Windows 95 үшін» дегеннен бастаған. Ол мұнда жұмыс үстелі мен пинбол ойынының кейбір тақырыптарымен кешенді түрде қосарланып жүрді. 

* 1993 жылдың кейбір операциялық жүйелері әлі де бар. Бірақ олардың бірде бірінің заманауи торға ешбір қатысы жоқ. Көптеген «тәжірибелі» адамдар Интернетке Windows 2000-мен басқарылатын ПК-дан немесе одан кейін жасалған нұсқалардан кіреді. Мактар Mac OS X-тен кіреді. Кейбір ПК-лар тәтті Linux-пен басқарылады. Яки iPhone секілді портативті құрылғылармен кіреді. 1993 жылы Windows-тың 3.1 нұсқасы (OS/2 бәсекелес еді) болды, Мактар System 7-мен басқарылатын, Linux Usenet арқылы таратылатын. 

* Кей адамдар біз қазір жай ғана «веб-стандарт» деп атайтын дүниеге сол күйінше қатысып отырады. Шамамен 20 жыл болды. Кейбірі HTML-дің алдында болған, 1980 жылдардағы, одан бұрынғы стандарттармен шұғылданды.  

* Алдыңғылар туралы айтсақ, HTML мен вебтің соңғы уақыттағы  танымалдылығынан форматтар мен жүйелердің заманауи дизайнын ұйымдастырғандарды ұмыту оңай. Andrew? Intermedia? HyTime? HyTime ерте замандағы зерттеу жобасы болмаған, ол ISO стандарты еді. Оны әскери мақсаттарда қолдану үшін жасаған. Бұл Өте Үлкен Бизнес еді. Ол туралы өздеріңіз де оқи аласыздар. Осы HTML-парақшадан, өзіңіздің браузеріңізден.  

Бірақ мұның бәрі бастапқы сұраққа жауап бермейді: біз неге <img> элементін пайдаланамыз? Неге<icon> элементін пайдаланбасқа? Немесе <include> элементін? Неге include атрибутына жасалған гиперсілтеме емес? Немесе rel мағынасының бірнеше комбинациясы емес? Неге <img> элементі? Бәрі айтарлықтай қарапайым. Марк Андрессен оны жүзеге асырды. Жүзеге асырған код жеңіп шықты. 

Бұл барлық жүзеге асқан кодтар жеңіп шықты деген сөз емес. Қалай дегенде де Andrew, Intermedia және HyTime да жүзеге асты. Код өте қажетті, бірақ жетістікке жету үшін аздық етеді. Кодтың стандарттан бұрын жүзеге асуы жақсы дегім кеп тұрған жоқ. Марктың <img> элементі негізгі графикалық форматтарды анықтамайды. Оны мәтін қалай кіріктіруі керектігін орнатпайды. Балама мәтінді ашпайтын. Ескі браузерлерден артық контентті ашпайды. 17 жыл өтсе де біз әлі де контенттің сниффингімен күресіп келеміз. Ал ол бәз-баяғыша қауіпсіздіктің басты жауы. Сіздің де Браузерлердің Ұлы соғысының 17 жылдық жолын саралап, 1993 жылдың 25 ақпанына дейінгі мерзімге оралуыңызға болады. Сол кезде Марк Андрессен былай деп еді: «MIME бір кезде мүмкін болады». Содан басына не күн өткерсе де, өзінің кодын жүзеге асырды.

Оны жүзеге асырғандар ұтты.

Естен Ербол

Жарнама орны

Esten TechHTML5 Үздіксіз сызық

Барлық құқықтар қорғалған

Стандарттар қалай жасалатыны туралы ұзақ кіріспе
HTML-дің 1997 жылдан 2004 жыл аралығындағы хронологиясы

Ұқсас тақырыптар