Қатені өңдеу және HTML5-тің HTML4.01 пен XHTML1.0 айырмашылығы

admin 2018-07-22 Қысқаша

HTML5 спецификациясы юзер-агентке де (браузер), құжатқа да өз талабын қояды. Құжаттар үнемі қатаң синтаксиспен жазылмайды. Алайда ......

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

XHTML5

XHTML5 — бұл HTML5 тілінің XML-сериализациясы. XML құжаттары XML Internet media type қамтамасыз етілуі керек. Мысалы, application/xhtml+xml немесе application/xml. XHTML5 – XML синтаксисінің қатаң түрде дұрыс тіркелуін қалайды.HTML5 пен XHTML5 қайсысын таңдау керек десеңіз, негізгі жұмыс MIME/мазмұнға тіреледі: таңдалған медианың түрі қандай құжат қолданылуы керектігін анықтайды. XHTML5 doctype <html> міндетті емес, оны өткізіп жіберуге де болады. HTML мен XHTML техникалық талаптарына сай болып жазылған .
 
Қатені өңдеу
HTML5 спецификациясы юзер-агентке де (браузер), құжатқа да өз талабын қояды. Құжаттар үнемі қатаң синтаксиспен жазылмайды. Алайда HTML5-ке сай браузерлер, олардың алдындағы браузерлер сияқты құжатта қатенің шамасын талдау алгоритмін жасау үшін дұрыс нысанды модель (DOM) құрады. Юзер-агенттерге деген тиянақты талаптың басты мақсаты әр түрлі өндірушілердің браузерлерін бір-біріне сәйкестендіру. Құжаттың синтаксис шамасына деген талап - әр түрлі браузерлерде олардың тиянақты көрінсін деген мақсаттан туған. Браузерлердің ескі нұсқасында HTML5 тегі мүлде ашылмайды. 
 
HTML5-тің HTML4.01 пен XHTML1.0 айырмашылығы
Төменде айырмашылық тізімі келтірілді:
* Синтаксис өзгерді;
* SVG пен MathML - text/html енгізілді;
* Жаңа элементтер: <article>, <aside>, <audio>, <canvas>, <command>, <datalist>, <details>, <embed>, <figcaption>, <figure>, <footer>, <header>, <hgroup>, <keygen>, <main>, <mark>, <meter>, <nav>, <output>, <progress>, <rp>, <rt>, <ruby>, <section>, <source>, <summary>, <time>, <video>, <wbr> .
* Енгізудің жаңа бөлшектері: date/time, email, url, search, number, range, tel, color .
*  Жаңа атрибуттар: charset (<meta>-да), async (script-те)
* Жаһандық атрибуттар, оларды кез келген элементке қолданса болады: id, tabindex, hidden, data-*(мағлұматтың қолданушы атрибуттары)
* Өшірілетін элементтер: <acronym>, <applet>, <basefont>, <big>, <center>, <dir>, <font>, <frame>, <frameset>, <isindex>, <noframes>, <strike>, <tt>
HTML5-тегі өзгерістердің толық тізімі W3C-тің «HTML5-тің HTML4-тен айырмашылығы» деген жаңартылған жұмыс жобасында тиянақталған.(2014 жылғы 9 желтоқсандағы соңғы нұсқасы).
 
Естен Ербол 
Бағдарламашы

Esten TechҚатені өңдеу және HTML5-тің HTML4.01 пен XHTML1.0 айырмашылығы

Барлық құқықтар қорғалған

HTML5 : Шама және API
HTML5 Дегеніміз не?

Ұқсас тақырыптар