HTML5-тің біржақты тарихы жөнінде

admin 2018-05-19 Қысқаша

Mozilla-ны ойлап табушылардың стандарттарды ойлап табудың қауырт-қарбаласы туралы айтқан бір сөзінде ......

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

 

 HTML5-тің біржақты тарихы жөнінде
 
Mozilla-ны ойлап табушылардың стандарттарды ойлап табудың қауырт-қарбаласы туралы айтқан бір сөзінде:
Жүзеге асыру мен спецификация екеуі бірге билеп жүргендей үйлесімді болуы керек. Сіз спецификацияның жұмысы бітпей тұрып оның жүзеге асқанын қаламайсыз, себебі ел-жұрт жүзеге асудың тетіктеріне тәуелді боп қалады. Бұл спецификацияны тоқтатып қояды. Алайда сіз спецификацияның жүзеге асырудан бұрын бітпегенін қалайсыз. Сол кезде авторлар жүзеге асыру бойынша эксперимент жасай бастайды. Себебі, кері байланысты қажетсінеді. Бұл аралықта үлкен қысым, қарбалас болады. Амал жоқ, ақыр соңына дейін таңдау жасаумен құбыласыз.
Осы байламды түйсігіңізге мықтап түйіп алыңыз. HTML5 қалай жетілдірілгені туралы айтып өтейін. 
 
MIME-типтер
Бұл мақалада HTML5 туралы. Оның алдындағы HTML нұсқалары жөнінде емес. XHTML нұсқалары туралы да емес. Алайда HTML5 тарихын түсіну үшін, оны жүзеге асырған құлшынысты түсінгіңіз келсе, ең алдымен бірнеше техникалық құбылыстарға қанық болыңыз. Яғни, оның ішінде MIME-типтер туралы.
Сіздің браузер кез келген парақшаны іздеген кезде веб-сервер парақшаның кодының «тақырыбын» жібереді. Бұл тақырыптар қағида бойынша көзге көрінбейді. Алайда егер өзіңіз қызықсаңыз, веб-әзірлеушілер мұның бәрін көзге көрінетіндей ететін арнаулы инстументтері бар. Тақырыптар өте маңызды. Тақырып сіздің браузеріңізге парақшаның өлшемін қалай сөйлету керектігін айтады. Ең маңызды тақырыпты Content-Type деп атайды. Оның түрі мынадай:  
Content-Type: text/html
 
«text/html» деп парақшаның «мазмұн типін» немесе «MIME-типті» айтады. 
Тақырыбы бұл қандай ресурс екенін анықтайды, қалай көрінетінін байқатады. Суреттің бәрінде өзіндік MIME-типтер бар (image/jpeg - JPEG үшін, image/png – PNG үшін және т.б.). JavaScript файлдарының жекеменшік MIME-типтері болады. CSS-тің өзінің жекеменшік MIME-типтері бар. Әрбірінің өзіндік MIME-типтері болады. Интернет MIME-типтермен жұмыс жасайды.  
Әрине, өмірде бәрі әлдеқайда күрделірек. Веб-серверлердің алғашқы буыны (мен 1993 жылдан басталатын веб-серверлерді айтамын) Content-Type тақырыптарын жібермейтін. Себебі, ондай тақырып жоқ еді (оны 1994 жылға дейін тіпті ойлап таппаған). Үйлесімділікті көрсету үшін уақытты 1993 жылға шегерсек, кейбір танымал браузерлер Content-Type тақырыптарын нақты жағдайларда қабылдамайды (бұл «контенттің сниффингі» деп аталады). Интернеттен көргеніңіздің бәрі - HTML-парақшалар, суреттер, скрипттер, бейне, PDF және т.б. – сізге Content-Type тақырыптарындағы арнаулы MIME-типпен беріледі. 
 
Естен Ербол

Esten Tech HTML5-тің біржақты тарихы жөнінде

Барлық құқықтар қорғалған

Естен Ербол : HTML5 Тег білімдері - 1
Стандарттар қалай жасалатыны туралы ұзақ кіріспе

Ұқсас тақырыптар