HTML5 Тарихы мен стандарт үдерісі

admin 2018-07-20 Қысқаша

WHATWG жаңа стандарты 2004 жылы жасай бастады. Ол кезде World Wide Web Consortium (W3C) XHTML 2.0 келешек зерттеулерге ден қойды. Ал HTML 4.01 2000 жылдан бастап өзгеріссіз қалды. 2009 жылы W3C XHTML 2.0 жұмыс тобының жұмыс істеу мерзімі аяқталғанын мойын...

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

Тарихы

WHATWG жаңа стандарты 2004 жылы жасай бастады. Ол кезде World Wide Web Consortium (W3C) XHTML 2.0 келешек зерттеулерге ден қойды. Ал HTML 4.01 2000 жылдан бастап өзгеріссіз қалды. 2009 жылы W3C XHTML 2.0 жұмыс тобының жұмыс істеу мерзімі аяқталғанын мойындады.
Оны қайта жалғастырмайтындарын жариялады. Ақырында W3C пен WHATWG бірлесе HTML5 жасай бастады.
HTML5 веб-өндірушілер арасында бірнеше жылдан бері өте танымал болғанымен БАҚ ол туралы тек 2010 жылдың сәуірінен бері біледі. Осыдан кейін Apple Inc. Компаниясының иесі Стив Джобс қоғамға ашық хат жазды. Оның тақырыбы «Flash-ке қатысты ойларым» делінді. Ол бұл хатында HTML5 жасаған соң бейнероликтерді немесе басқа да қосымшаларды Adobe Flash арқылы көрудің қажеті жоқ деді. Осыған байланысты веб-өндірушілер арасында үнемі дау туындап отырды. Кейбірі HTML5-тің қызмет көрсету аясы кеңейтілгенін айтты, өндірушілер браузерлердің әр түрлі екендігін есте ұстауы тиіс, себебі әр түрлі стандарттарды қолдап отыру керек. Сол сияқты HTML5 пен Flash арасындағы қолдану айырмашылығында ұмытпау қажет.
 
Стандарт үдерісі
WHATWG бұл спецификацияны 2004 жылдың маусымынан бастап Web Applications 1.0 деп атап, ойластыра бастады. 2011 жылдың қаңтарынан бастап WHATWG бұл спецификацияның Draft Standard (Жобаның стандартын) бекітеді. Working Draft (жұмыс жобасын) W3C бекітеді. Google компаниясының қызметкері Ян Хиксон HTML5 спецификациясының редакторы. 
HTML5 спецификациясы – 2007 жылы W3C-тың жұмыс тобы жаңа HTML жасаудағы бастапқы нүктесі саналды. Осы жұмыс тобы спецификацияны тұңғыш қоғамдық жұмыс жобасы ретінде (working draft) 2008 жылдың 22 қаңтарында жариялады. Жұмыс жобасы – ағымдағы жұмыс, бірнеше жылдық құрылымдық жұмысы қалып тұрған, спецификация толық бітіп, «кеңес етеміз» дегенге шейін HTML5-тегі барлық бөлік тәмамдалып, браузерлерде іске асты.
Ян Хиксон 2012 жыл бойы Candidate Recommendation деңгейіне шығуды күтті. 
Спецификация W3C-тен Кеңес етіледі деген мәртебені алу үшін кем дегенде екі 100% аяқталған, өзара мейлінше толық байланысатын нәтиже керек.  
TechRepublic-ке берген сұқбатында Ян Хиксон бұл күткені 2012 жылы не сәл кейінірек орындалар деп болжайтынын айтады. Дегенмен спецификацияның көптеген бөліктері тұрақты еді, өнімде жүзеге асатын деңгейде еді: 
«Кейбір бөліктер өте тұрақты, бүгінгі таңда шешімі бітуге әзір қалған бөліктері де қолданысқа дайын».   
— WHAT Working Group, HTML5 қашан аяқталады?
2009 жылдың желтоқсанында WHATWG HTML5 спецификациясы үшін әмбебапмодель жасауға ауысып кетті. W3C әлі де HTML5 спецификациясының суреттерін жариялап жүрді.  
2011 жылы 14 ақпанында W3C HTML жұмыс тобының жұмыс істеу мерзімін созды. HTML5 аралық суреттерін жариялады. Жұмыс тобы  HTML5-ті Last Call-ға тықпалады. Олар қауымдастықтарды W3C-ке серіктес болуға шақырды. Сол арқылы спецификацияның техникалық кемшілігі жоқтығын дәлелдегісі келді. Бұл 2011 жылдың мамыр айы еді. Содан жұмыс тобы өз өнімін тестілеуге кірісті. W3C-те өз кезегінде жан-жақты тексеріс жасап, спецификацияның ең соңғы функционалды сәйкестігін 2014 жылы анықтағысы келді – бұл Кеңес етудің болжанған мерзімі еді.  
«HTML5-ті «Кеңес ету» бойынша дамыту инновациялық тұрғыда маңызды, бұнысы тұтастай веб-экожүйені тұрақтандырады, тексерілгенін дәлелдейді, өзара байланыстағы стандарт екенін көрсетеді. HTML5-ті 2011 жылдың мамырында Last Call-ға енгізу шешімі бірқатар өндірістік дүниелерді реттеуге септесетін шешім еді. Бүгінгі таңда біз келесі қадамды жасап отырмыз. 2014 жылы кеңес етуді алатынымызды мақсат еткенімізді жария қылдық» — Джеф Джэйф, W3C-тің Бас директоры. 
2014 жылдың 28 қазанында W3C HTML5 қолдануға ресми түрде кеңес берді. Яғни, бұл стандарт толықтай жасалып болды деген сөз. Көпшіліктің қолданысына әзір. 
 
Естен Ербол  
Бағдарламашы

 

Esten TechHTML5 Тарихы мен стандарт үдерісі

Барлық құқықтар қорғалған

HTML5 логотипі
HTML5 : Шама және API

Ұқсас тақырыптар