W3C - Ғаламторға арналған стандарттарды қалыптастырушылар

admin 2018-05-26 Қысқаша

2006 жылдың қазан айында W3C негізін қалаушы Тим Бернерс-Ли W3C HTML-ды дамыту үшін WHAT Working Group-пен бірге жұмыс жасайтынын мәлім етті....

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

Екі жарым жыл бойы W3C пен WHAT Working Group негізінен бірін-бірі  қабылдамады. Ал WHAT Working Group өз назарын веб-пішіндерге және HTML жаңа функцияларына түсірді. HTML бойынша W3C жұмыс тобы XHTML-дің 2.0 нұсқасын жасап жатты. Алайда 2006 жылдың қазан айында WHAT Working Group өте мықты импульсті тудырғаны байқалды. XHTML 2 сол күйі дайындық қалыбында тұрған, ешбір мазмұнды браузерде көрініс таппады. 2006 жылдың қазан айында W3C негізін қалаушы Тим Бернерс-Ли W3C HTML-ды дамыту үшін WHAT Working Group-пен бірге жұмыс жасайтынын мәлім етті. 

 
Кейбір дүние уақыт өткен соң түсінікті бола бастайды. HTML-ды сатылап дамыту керек. XML-ге өтіп әлемді жаулап алуға тырысу мүмкін емес. Онда атрибуттардың мағынасын тырнақшаға алу мен бос тегтердегі слэш, есім жазудың кеңістігі де бар. Бәрін бірге қолдану мүмкін болмады. HTML-дың айналасына топтасқан үлкен топ қозғалмады. Себебі, браузерлер шағым түсірмеді. Көптеген ірі қауымдастықтар алға озды. Олар синтаксистік дұрыс жүйелердің жемісін пайдаланып жүр. Бірақ бәрі емес. HTML-ды ақырындап қолдау керек. Сол арқылы ақырындап синткасистік дұрыс әлемге өтуді қолға алу керек. Осы әлемдегі зор тәуекелді дамыту керек.   
Алдағы кезде мүлде жап-жаңа HTML-топты ұйымдастыру жоспарлануда. Алдыңғы топқа қарағанда мұндағылар HTML-ды сатылап, ал XHTML-мен параллельді түрде дамытатын болады. Оның басшысы басқа адам және қызметкерлер штаты өзгеретін болды. Бұл жұмыс тобы HTML мен XHTML-ды қатар жетілдіретін болды. Бұл топты көптеген адамдар қолдады. Олардың арасында браузер жасаушылар да бар.  
Пішіндерді де жетілдіреді. Бұл күрделі сала. Себебі, қазіргі бар HTML-пішіндер мен Xforms-дар пішін тілі болып саналады. HTML-пішіндер әрқашан ашылып тұрады. Xforms-тың қолданушылары мен жүзеге асырушылары да көп. Дегенмен, WebForms HTML-пішіндердегі кеңейтулерге бағынады. Алдағы кезде WebFormsHTML-пішінмен кеңейту көзделген.
Жуырда ұйымдастырылған W3C HTML Working Group жасауға тиіс алғашқы істердің бірі «Web Applications 1.0»-дің атауын «HTML5» деп өзгерту шешімі болды. Сөйтіп, біз HTML5-ке ендік.
 
Постскриптум
2009 жылдың қазан айында W3C - XHTML 2 жұмыс тобын жабады. Бұл шешімін түсіндіретін мәлімдеме жасады: 
W3C 2007 жылдың наурыз айында HTML мен XHTML 2 жұмыс топтарын атаған кезде, біз, XHTML 2-ге арналған нарыққа мониторинг жасайтынымызды жалғастыратынымызды айтқанбыз. W3C қоғамның HTML-дың келешегіне қатысты нақты белгіні құп көреді.
XHTML 2 жұмыс тобының көп жылдар бойы қаншалықты маңызды болғанын түсінеміз. W3C басшылығы қатысушылармен талқылап, жұмыс тобының жарғысы 2009 жылы аяқталған соң қайта ұзартпайтынын мәлімдеді.
 
Естен Ербол

Esten TechW3C - Ғаламторға арналған стандарттарды қалыптастырушылар

Барлық құқықтар қорғалған

WHAT Working Group - Дегеніміз кімдер? олар не істейді?
Естен Ербол : HTML5 Тег білімдері - 2

Ұқсас тақырыптар