WHAT Working Group - Дегеніміз кімдер? олар не істейді?

admin 2018-05-24 Қысқаша

Вебке арналған гипермәтіндік қосымшаларды жасаушылар (WHAT Working Group). Олар еркін, бейресми, ашық серіктестікке әзір браузерлер иелері мен ынталы тараптар. Бұл топ HTML негізіндегі спецификация мен тікелей байланысты технологияларды жасауға бағытталға...

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

WHAT Working Group?

Вебке арналған гипермәтіндік қосымшаларды жасаушылар (WHAT Working Group). Олар еркін, бейресми, ашық серіктестікке әзір браузерлер иелері мен ынталы тараптар. Бұл топ HTML негізіндегі спецификация мен тікелей байланысты технологияларды жасауға бағытталған. Мұндай технологиялар стандарттар ұйымдастырудың нәтижесін көрсету мақсатына сәйкес веб-қосымшалардың ағымға түсуіне жол ашады. Бұл көрсетілім кейіннен стандарттар бойынша HTML-дің қалыпты кеңейтілуіне негіз болмақ.    
Бұл форумды ашу әр технологияның спецификациясы жөніндегі құпия түрде жүргізілген хат алмасу нәтижесіндегі бірнеше айлық жұмыстың қорытындысы. Негізінен авторлар өтініші бойынша функцияларды қолдау үшін HTML4 пішінін кеңейтуге бағытталды. Кері сәйкестік бүкіл мазмұнды бұзбауы керек еді. Бұл топ осы спецификацияларды келешекте дамыту үшін құрылған. Қоғамдық мұрағаттар арқылы, жіберілімнің қолжетімді тізімі бойынша ашық тұрады. 
Мұндағы негізгі екпін «Кері сәйкестікті бұзбауы керек» дегенге саяды. XHTML (С қосымшасынен басқасы) HTML-мен кері сәйкеспейді. Ол мүлде жаңа MIME-типті талап етеді. Ол осы МІМЕ-типтен жіберілген контент үшін әрбір қатені айдаһарлық өңдеуден өткізеді. Xforms HTML пішіндерімен мүлде сәйкеспейді. Себебі, оларды тек XHTML бар жаңа МІМЕ-типтермен берілетін құжаттарда қолданады. Бұл дегеніңіз Xforms қатені айдаһарлық өңдеуден өткізеді деген сөз. Ақырында жолдың бәрі МІМЕ-ге жетелеп келеді.      
HTML-ге жұмсалған он шақты жылдық салымды жоқтаудың орнына және веб-парақшалардың 99% жарамсыз деп танудың орнына WHAT Working Group басқаша шешім қабылдауды шешеді: нақты түрде браузерлер қолданатын қатені өңдеудің «кешірімді» алгоритмдерін құжаттайды.  Браузерлер әрдайым HTML қателерін кешіреді. Бірақ бірде біреуі оны қалай жасағандарын жазбапты. NCSA Mosaic бұрыс парақшалармен жұмыс жасаудың өзіндік алгоритмдерін қалыптастырған. Ал Netscape соларға сай болуға тырысты. Артынша Internet ExplorerNetscape-пен бәсекелесуге тырысады. Сосын Opera мен Firefox Internet Explorer-мен бәсекелесті. Сосын SafariFirefox-пен тайталасады. Осылай жалғаса береді. Бүгінгі таңға дейін. Осы жолда веб жасаушылар мыңдаған, мыңдаған сағаттар жоқ қылды. Олар өз өнімін бәсекелес өніммен сәйкестендіргісі келді.     
Егер бұнымыз есі кетіп жұмыс істегендерді бейнелеса, солай болғаны. Яғни, болған. WHAT Working Group HTML-ді сәтті түрде құжаттауға бес жыл жұмсайды. Бұл қолда бар веб-контентпен сәйкестікті дәлелдеді. Ең соңғы алгоритмде HTML өңдеуді тоқтатуы және соңғы қолданушыға қате кетті деп ескертуі керек деген қадам жоқ.   
Реверсивті жобалау жүріп болғанша, WHAT Working Group тып-тыныш басқа нәрселерді жасап жатты. Олардың бірі Web Forms 2.0 қайталайтын спецификация еді. Кейіннен HTML-пішіндерде жаңа типті қызыл жолдарды қосатын (веб-пішіндер туралы керемет жаңалықтар естисіздер). 
Спецификацияның «Web Applications 1.0» дейтін басқа жобасы бар. Оған көптеген жаңа мүмкіндіктер енген. Мәселен, сурет салу парағы, кіріктірілген аудио мен бейнені плагинсіз қолдайтын қосымшалар.
Естен Ербол

Esten Tech WHAT Working Group - Дегеніміз кімдер? олар не істейді?

Барлық құқықтар қорғалған

2004 жылғы W3C веб-қосымшалар мен құрамдас құжаттар жөніндегі маңызды семинар
W3C - Ғаламторға арналған стандарттарды қалыптастырушылар

Ұқсас тақырыптар