2004 жылғы W3C веб-қосымшалар мен құрамдас құжаттар жөніндегі маңызды семинар

admin 2018-05-24 Қысқаша

2004 жылдың маусымында W3C веб-қосымшалар мен құрамдас құжаттар жөніндегі семинарын өткізді. Бұл семинарға үш браузердің иесі, веб-жасаушы компаниялар, W3C-тің өзге де мүшелері қатысты. Қызығушылығы бар тараптар ......

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

Бәсекелестік көзқарас

2004 жылдың маусымында W3C веб-қосымшалар мен құрамдас құжаттар жөніндегі семинарын өткізді. Бұл семинарға үш браузердің иесі, веб-жасаушы компаниялар, W3C-тің өзге де мүшелері қатысты. Қызығушылығы бар тараптар, арасында Mozilla Foundation мен Opera Software де бар. Олар вебтің келешегіне қатысты өздерінің бәсекелестік көзқарастарын айтты: қазіргі жұмыс істеп тұрған HTML 4 эволюциясы заманауи веб-қосымшаны жасаушыларға жаңа мүмкіндіктер береді.  

Келесі жеті ұстаным біз үшін жұмысқа қажетті маңызды талаптарды нақтылайды деп ойлаймыз. 

Кері сыйымдылық, миграцияның түсінікті жолы

Веб-қосымшалар технологиясы авторларға белгілі технологияларға жүйеленуі керек. Олар HTML, CSS, DOM және JavaScript-ті енгізуі керек.  

Веб-қосымшалардың негізгі мінездемесі - тәртібі, скрипті, IE6 стиліндегі  кестелерді қолданумен орындалады. Сондықтан авторлар өздеріне түсінікті миграция жолын табады. Қазіргі қолданушы агент қажетті плагинсіз қолдана алмайтын кез келген шешім сәтті бола алмас. 

Дұрыс құрылым қатесін өңдеу

Веб-қосымшасындағы қателерді өңдеу детализация деңгейінде анықталуы керек. Ол жерде қолданушы агенттер жекеменшік өңдеу механизмін ойлап таппасын. Яки өзге қолданушы агенттердің реверсивті жобалауына қатыспауы қажет.      

Қолданушылар авторлардың қатесін қайталамауы керек

Спецификациялар әрбір ықтимал қатенің сценарийін қайта түзетудің нақты тәртібін көрсетуі керек. Қатені өңдеу негізінен қатені жою терминдерінде (мысалы, CSS) анықталуы тиіс. Бірақ айқын әрі апатты бұзушылыққа (XML сынды) тап болмауы керек.   

Тәжірибедегі қолданылуы

Веб-қосымша спецификациясындағы әр функция тәжірибеде қолданылуымен нақтылануы тиіс. Кері жүруі әрқашан дұрыс бола бермейді: әрбір пайдаланылған нұсқа жаңа функцияның кепілі болуы міндетті емес. 

Аргументтерді нақты жұмыс жасайтын сайттардың негізінде қолданған жөн. Онда авторлар шектеулерді айналып өту шешімдерін дұрыс қолданбаған. 

Скрипттер қала береді

Алайда ыңғайлы белгілеу қолданылатын жерде олардан аулақ болу керек. 

Скрипттер нақты құралдарда мүмкін болып тұрған кезде құрылғылар және көріністерге нейтралды болуы тиіс. (Мысалы, егер олар XBL-ге қосылмаған болса).

Нақты бір құрылғының профилінен қашқақтау қажет  

Авторлар бір қолданушы агенттің үстел үстілік және мобилді нұсқаларда біркелкі функцияларға сенім артуына мүмкіндік жасау керек. 

Ашық үдеріс

Веб көп пайда әкелді. Себебі, ол ашық ортада жасалған еді. Веб-қосымшалар вебтің кіндігі. Олардың жасаушылары да ашықтықты ұстануы тиіс. Жіберілімдер, мұрағат, спецификация жобалары әрқашан қоғамға көрініп тұруы керек. 

Семинарға қатысушылар арасындағы бейресми сауалдамада былай деп сұралды: «W3C - HTML және CSS-тің декларациясындағы шешімді дамыту керек пе, веб-қосымшалардың орташа деңгейлі талаптарының шешімін шешу үшін толыққанды ОС-тың күрделі API-не қарағанда DOM-ды міндетті түрде толықтыру керек пе?» (Бұны Ян Хиксон ұсынды, Opera Software). Дауыс бергендердің 11 қостады, 8 қарсы болды. W3C семинар резюмесінде былай деп жазды: «Қазіргі таңда W3C бейресми сауалдамалардың сырт тақырыптарына кез келген ресурстарын ұсынуға дайын емес: веб-қосымшаларға арналған HTML мен CSS кеңейтулеріне қатысты, W3C жұмыс тобының ағымдағы жарғысына сай жасалып жатқан технологиялардан өзгесіне».

Осы шешімнен кейін HTML-пішіндерді дамыту керек деген адамдарда тек екі жол қалды: бас тарту немесе өз жұмысын W3C-тен тыс жерде жалғастыру. Көбісі соңғы шешімді таңдап, whatwg.org доменін тіркейді. Сөйтіп 2004 маусымда WHAT Working Group құрылды. 

Естен Ербол

 

Жарнама орны

Esten Tech2004 жылғы W3C веб-қосымшалар мен құрамдас құжаттар жөніндегі маңызды семинар

Барлық құқықтар қорғалған

XHTML туралы білгеніңіздің бәрі дұрыс емес
WHAT Working Group - Дегеніміз кімдер? олар не істейді?

Ұқсас тақырыптар